Мұндай іс-шара Қазақстанның барлық аймақтарында 5 жыл бойы өткізіліп келеді, бірақ онлайн-байланыс форматында алғашқы рет.
Биыл үш күн ішінде мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Өңірлік Ұлттық Кәсіпкерлер «Атамекен» палатасының, жоғары оқу орындарының, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың, сынақ, тексеру және калибрлеу зертханаларының, өңір кәсіпорындары мамандарының атынан 97 қатысушы онлайн-форматта видео-дәріс тыңдап, дәріскерлермен тілдесті.
Зерттеудің негізгі тақырыптары: «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілер; сәйкестікті растау және аккредиттеу мәселелерін реттейтін стандарттар; ЕО заңнамасымен салыстырғанда сәйкестікті бағалау саласындағы заңнаманы іс жүзінде қолдану; ұлттық заңнама, оның ішінде менеджмент жүйелері саласындағы сәйкестікті растау мәселелері болды.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде стандарттау және техникалық реттеу туралы заңнаманы іс жүзінде қолдану мәселесі оқытудың жаңа тақырыбы болды. Алғаш рет Қытай, Иран, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия басым елдердің нарықтарына техникалық реттеу, өнімнің қол жеткізу жүйесі және экспорт алгоритмі таныстырылды.
Сонымен қатар, қатысушыларға олардың таңдауы бойынша 2 платформада: құрылыс материалдары мен автомобиль жолдары бағыттары бойынша техникалық реттеу және стандарттау туралы заңнаманың талаптары түсіндірілді.
Тыңдаушылардың қызығушылығын халықаралық, өңірлік стандарттарды, шет мемлекеттердің стандарттарын іс жүзінде қолдану, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуларда ұлттық стандарттарды қолдану мәселелері тудырды. Сонымен қатар, қатысушылар экономика салалары бойынша мемлекеттік реттеуге жататын өлшем құралдарының қалыптастырылған тізбелерін, өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманың жаңа моделі негізінде калибрлеуді дамытуды, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы заңнамалық өзгерістерді талқылады.
Оқытудың пікірталас форматы тыңдаушыларға тәжірібе кезінде жиі туындайтын мәселелерде белсенді болуға мүмкіндік берді, оларға дәріскерлер толық жауап берді. Нәтижесінде, білім беру семинарына қатысушылар техникалық реттеу, стандарттау, метрология, менеджмент жүйелері саласында өздерінің кәсіби деңгейін арттырды және білікті кеңестер алды, бұл болашақта өнім мен қызмет өндірісін сауатты және тиімді жетілдіруге ықпал етеді.
Стандарттау, техникалық реттеу мәселелері бойынша өңір кәсіпорындарымен жұмыс онлайн-режимі, телефон арқылы сөйлесу, сондай-ақ мекенжайлық ақпараттандыру форматында жалғасатын болады.
Анықтама: дәріскерлер ретінде Еркежан Әмірханова - «ҚазСтИн» РМК бас директорының орынбасары, Евгений Цхай – «ҚазСтИн» РМК Талдау және стандарттау орталығының бастығы, Есенбек Айдарбеков - «ҚазжолҒЗИ» АҚ стандарттау және ақпарат департаментінің директоры, Қайрат Садыханов - Төрағаның орынбасары «Құрылыс материалдары және бұйымдары» стандарттау бойынша ТК 78 («ИННОБИЛД» ЖШС), Сәулеш Айтжанова - «ҚазМетрИн» РМК, Ақтөбе қаласы Ақтөбе филиалының бас сарапшысы, Серік Құрманғалиев - сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор), Бейбүт Абилев - «СҚО бойынша ҚР ТЖМ ТРМК Департаменті РММ» департамент басшысы - СҚО мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы, Карлығаш Саттыбаева – «ҚазСтИн» РМК Саудадағы техникалық кедергілер және санитарлық фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталық бастығының орынбасары.